Байланыс саласы бойынша

"АбЗиком" ЖШС-і 2014 жылы темірбетон мен бетон өнімдерін және металл конструкцияларын шығаратын жаңа цехын іске қосты. Шығарылатын өнімдер, барлық көрсеткіштері бойынша, аталған өнімдерге қазіргі күні қойылатын стандарттар талаптарына сәйкес.
Темірбетон мен бетон өнімдерін өндіру барысында, біз заманға сай пластификаторларды қоса отырып, бетонның озық маркаларын пайдаланамыз, бұл өнімнің сапасына және қолданылу мерзімін ұзартуға оң әсерін тигізеді.
Сонымен қатар, темірбетон мен бетон өнімдері және метал конструкциялары жеке тапсырыс бойынша да жүзеге асырылады, ал біздің инженер-мамандар, тапсырыс берушілердің өтініштерін (эскиздік сызбаларын) ескере отырып, қаңқа торының және бетонның тиімді құрамын анықтайды.
Бізде темірбетон мен бетон өнімдерін және құрамаларын сериялы түрде шығару жолға қойылған, ал дайын өнімдер меншікті базадағы, ТББ цехы жанында орналасқан полигонда сақталады. Өтініштер біздің мамандармен қысқа мерзімдерде қарастырылып, нәтижесі бойынша, өнімдердің дайындалу және жеткізілу мерзімдері тапсырыс иелеріне хабарланады.

БАЙЛАНЫС КӘБІЛІНІҢ ҚҰДЫҒЫ ККС-1-80, ККС-2-80, ККС-3-80, ККС-4-80

Байланыс кәбілінің құдықтары  оптикалық байланыс кәбілдері мен мыс кәбілдерді тарту және төсеу, сонымен қатар, оларға қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстары кезіндегі қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін қызмет етеді. Жүру бөлігіне түсетін салмаққа есептеп,  "АбЗиком" ЖШС-і байланыс кәбілінің құдығын, мемлекеттік стандарт бойынша, ең ауыр бетон М200 класты бетоннан дайындайды. Құбыр таңбалануының  соңында орналасқан "80" саны, құдықтың жүру бөлігінің және автомагистральдар астында орналастырыла алатындығын білдіреді. Байланыс құдығының пішіні "8" қырлы қалыптағы, ұқсас "2" бөліктен тұрады. Астыңғы бөлігінде су ағуға арналған шұңқыр бар, ал үстіңгі бөлігінде люк шеңбері мен шойын қақпақ орналастыруға арнап  мықталған тіреу шеңбері орналасқан. Сырт жақ бүйірлерінде блоктарды бекітуге арналған сырғалар, ал ішкі жағында кәбілдерге арналған тұғырларды және басқада құрылғыларды бекітетін ілгектер бар (тұғырлар бір-біріне пісіру арқылы бекітіледі). Байланыс кәбілі құдықтарының бірнеше түрлері шығарылады, олардың әрқайсысының өзіндік әріпті-санды таңбалануы мен өлшемдері бар. Бағалар шығарылатын тауардың түріне тәуелді. Берілген тапсырыстың мөлшеріне орай жеңілдіктер қарастырылады. Атауы Өлшемі, мм (L, b, h) Салмағы, кг ККС -1-80 1380х1060х860 1100 ККС -2-80 1350х1030х1560 1500 ККС-3-80 1950х1160х1800 2400 ККС-4-80 2390х1300х2000 3420

ПТ-30 ТІРЕГІШІ

Железобетонные приставки ПТ-30 - это изделие трапециевидной формы. ПТ-30  используются  для монтажа деревянных опор линий электропередач и связи. Приставки изготавливаются из тяжелого бетона, в соответствии с требованиями рабочих чертежей, в которых предусмотрены специальные канавки и выступы усиления в местах обвязки катаной проволокой Ø6мм на деревянные опоры. Одной из функции железобетонных приставок ПТ-30 является увеличение эксплуатационного срока деревянных опор. Применяются железобетонные приставки, как для промежуточных опор, так и для угловых и конечных опор. железобетонные опоры могут применяться в агрессивной среде, именно поэтому приставки имеют высокий уровень морозостойкости. Иногда приставки используют для укрепления деревянных опор и удлинения опор при устройстве пересечений. Цена ____ тенге. Имеется система скидок, в зависимости от количества заказываемой партии. Размеры и масса Длина, L 3000 мм Ширина, B 140 мм Ширина, b 100 мм Высота, H 170 мм Масса 0,152 т

АҚПАРАТТЫҚ БАҒАНАЛАР

Ақпараттық бағаналар, ақпараттық кестелерден кәбілдік байланыс желісі мен жер асты электр желілерінің иелері туралы ақпаратты, олардың тереңдіктерін және электр желілерінің қаншалықты қауіпті екендінін көріп бағдарлау үшін қажет. Бағаналар жұмыс сызбаларының талаптарына сәйкес ауыр бетоннан дайындалады, тауар агрессивті ортада қолданыла алатындықтан, аязға төзімділіктің жоғары деңгейіне ие. Ақпараттық бағананың құны __________ теңге. Берілген тапсырыстың мөлшеріне орай жеңілдіктер қарастырылады. Өлшемі   және салмағы Ұзындығы, L 2800 мм Ені, B 120 мм Биіктігі, H 120 мм Салмағы 0,100 т

ӨЛШЕМДІК-НҰСҚАУЛАУ БАҒАНАЛАРЫ

Өлшемдік-нұсқаулау бағаналары,  төселген кәбіл трассасының орналасқан және жатқан жерлерін белгілеу, жолдар мен трасса учаскелерінің бағытын бағдарлау мақсатында бекіту үшін қолданылады. Мұндай учаскелерге бұрылыстар, әр түрлі майысулар, жолдың басы мен соңы, әр түрлі тоғысулар мен ажыраулар, тораптық таралулар және басқа да учаскелер жатады.  Өлшемдік-нұсқаулау бағаналары М200 маркалы бетоннан дайындалады және аязға төзімділіктің жоғары деңгейіне ие, жоғарғы бөлігі су ағып кетуге арналып екі жақты жайтақты болып келеді. Жекелеген жағдайларда, Тапсырыс берушінің қалауы бойынша, қар қабаты қалың түсетін аудандарында қолданылатын, ұзартылған бағаналар дайындау мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, Тапсырыс берушінің қалауы бойынша, ескертпе жазулар, компанияның атауы мен байланыс телефондары сияқты, басқа да түрлі арнайы ақпараттарды жазу мүмкіндігі бар. Бағаналар кәбіл төселген трасса желісінің өсінен 0,1 м қашықтықта, әдетте алқап жағында орналастырылады. Құны ________теңге. Берілген тапсырыстың мөлшеріне орай жеңілдіктер қарастырылады. Өлшемі   және салмағы Ұзындығы, L 1200 мм Ені, B 250 мм Ені, b 120 мм Биіктігі, H 120 мм Салмағы 0,04 т

КӘБІЛ АЛАҢЫ

Кәбіл алаңы - кәбіл бағана тірегіне орналастырылатын, қоршауы бар металл құрылым. Алаң, ағаш бағаналарда кәбілдік құрылғылардың жалғанатын тұсына құрылады және телефон желілеріне қызмет көрсету мен оларды құрудың ыңғайлылығын қамтамасыз етуге арналған. Құрастырылмалы кәбілдік алаң (ПКР) ТУ 3510 РК 38480617 - ТОО-20-2004 техникалық шарттары бойынша дайындалады. Кәбілдік алаңның басты ерекшелігі оның бөлшектеніп, қайта жиналмалы болуында, осының арқасында оны тасымалдау мен сақтау шығындары азаяды, сонымен қатар оны ағаш бағаналарға орналастыру жұмыстары да жеңілдейді. Құны ___________ теңге. Берілген тапсырыстың мөлшеріне орай жеңілдіктер қарастырылады. 

АҒАШ БАҒАНАЛАР

Зарарсыздандырылған ағаш бағаналар электр беру және байланыс құрылыстарына жарамды. Біздің компаниямен сатылатын ағаш бағаналар, бірінші кезекте, бастапқы шикізаттың сапасына жақсы бақылаудың болуынан және де, әрине, бүліну мен бастапқы мықтылық қасиеттерді жоғалтудан сақтайтын,антисептикалық зарарсыздандыру арқасында - мықты және сенімді. Антисептиктер сіңіру ағаш құрылымын бұзбайтындығына байланысты, майлы антисептиктер сіңіргенде, оның механикалық қасиеттері сақталады (ал, сыртқы қабаттарының тығыздалуы есебінен ағаштың мықтылық көрсеткіштері жоғарылайды), нәтижесінде оның қызмет ету мерзімі бірнеше есе ұзарады. Ағаш бағаналарының салмағы оншалықты ауыр емес, бұл оның тасымалдануы мен орнатылуына қажет шығынды айтарлықтай төмендетеді. Бағананың ұзындығы 6500-7000 мм, шеңберінің диаметрі 150-250 мм. Тапсырыс берушінің қалауы бойынша бағаналардың діңгектерін қабықтарынан тазартып беру мүмкіндігі бар. Құны ________ теңге. Берілген тапсырыстың мөлшеріне орай жеңілдіктер қарастырылады.
Subscribe to Байланыс саласы бойынша