Азаматтық құрылыс саласы бойынша

"АбЗиком" ЖШС-і 2014 жылы темірбетон мен бетон өнімдерін және металл конструкцияларын шығаратын жаңа цехын іске қосты. Шығарылатын өнімдер, барлық көрсеткіштері бойынша, аталған өнімдерге қазіргі күні қойылатын стандарттар талаптарына сәйкес.
Темірбетон мен бетон өнімдерін өндіру барысында, біз заманға сай пластификаторларды қоса отырып, бетонның озық маркаларын пайдаланамыз, бұл өнімнің сапасына және қолданылу мерзімін ұзартуға оң әсерін тигізеді.
Сонымен қатар, темірбетон мен бетон өнімдері және метал конструкциялары жеке тапсырыс бойынша да жүзеге асырылады, ал біздің инженер-мамандар, тапсырыс берушілердің өтініштерін (эскиздік сызбаларын) ескере отырып, қаңқа торының және бетонның тиімді құрамын анықтайды.
Бізде темірбетон мен бетон өнімдерін және құрамаларын сериялы түрде шығару жолға қойылған, ал дайын өнімдер меншікті базадағы, ТББ цехы жанында орналасқан полигонда сақталады. Өтініштер біздің мамандармен қысқа мерзімдерде қарастырылып, нәтижесі бойынша, өнімдердің дайындалу және жеткізілу мерзімдері тапсырыс иелеріне хабарланады.

ҚҰДЫҚ САҚИНАЛАРЫ

Құдық сақиналары құдықтар құрылысы кезінде және канализациялық жүйелерде кеңінен қолданылады. Оларды негізінен, өндірістік имараттарға, ірі нысандарға да жеке құрылысқа да қажет болатын, су қарау, су бұру, газ құбырлары мен кәріз құдықтарының құрылысында қолданады. Құдық сақиналары М200 маркалы бетоннан дайындалады, аязға төзімділіктің жоғары деңгейіне ие, ұзақ уақыттар бойы тозбайды және пайдаланылу барысында сенімді. "АбЗиком" ЖШС-інде өндірілетін барлық құдық сақиналары, өлшемдерінің сақталуымен, тұлғаларының біріңғай тегіс болуымен және жоғары деңгейлі су өткізбеушілігімен ерекшеленеді. Бетон көгермейді, қышкылды ортаға шыдамды, улы заттар бөлмейді, ауыз суға зарарсыз және қоршаған ортадағы түрлі агрессивті жағдайларға төзімді. Құдық сақиналарының бірнеше түрлері шығарылады, олардың әрқайсысының өзіндік әріпті-санды таңбалануы мен өлшемдері бар. Бағалар, шығарылатын тауардың түріне байланысты белгіленеді. Берілген тапсырыстың мөлшеріне орай жеңілдіктер қарастырылады. Атауы Өлшемі, мм (h, d, d1, b) Салмағы, кг Құны, теңге КС -10-9 890х1160х1000х80 605   КС -15-9 890х1680х1500х90 1000   КС -20-9 890х2200х2000х100 1430  

ҚҰДЫҚ ТАБАНЫ

Құдық табаны - бұл қандай да болсын құдықтың тірегіш және негізгі элементі. Бұл құдықты құрастырудағы ең бір қажетті бөлшек. Құдықтың тиімді пайдаланылуы мен қолданылу мерзімінің ұзақтығы осы бөліктің сапалы және дұрыс жасалуымен тығыз байланысты. Құдық табаны арнайы ілгіштері бар, біртұтас монолитті шеңбер түріндегі тақта. "АбЗиком" ЖШС-інде шығарылатын құдық табандары жоғары механикалық мықтылығымен ерекшеленеді, дәл осы элементке, көбінесе басым бөлігі едәуір салмаққа ие болатын құдықтар құрылымының бүкіл салмағын көтеруге тура келеді. Сондықтан, бұл құрама элементтер өндірісінде ауыр бетон мен мықты арматуралық болат қолданылады, соның арқасында аязға төзімділіктің жоғары деңгейі, тозбау, ұзақ мерзімге жарамдылық және пайдалану барысындағы сенімділік қамтамасыз етіледі. Құдық табанының, әрқайсысының өзіндік әріпті-санды таңбалануы мен өлшемдері бар бірнеше түрі шығарылады. Бағалар шығарылатын тауардың түріне байланысты белгіленеді. Берілген тапсырыстың мөлшеріне орай жеңілдіктер қарастырылады. Атауы Өлшемі, мм (d, h) Салмағы, кг Құны, теңге ПН -10 1160х150 443   ПН -15 1680х150 960   ПН -20 2200х150 1475  

ҚҰДЫҚ ҚАҚПАҒЫ

Бетоннан жасалған құдық қақпағы - бұл құдық сақиналарының бетін жабатын, жабын тақталары. Бұл элемент сақиналардан құралатын құдықтың соңғы сатысы болғандықтан, беріктілігі жоғары темірбетоннан дайындалады. Құдық қақпақтары, барлық салмақты өзіне қабылдайтын, құрамалық элемент: оның үстімен адамдар да, автокөліктер де өтеді. Бетон қақпақтар тоттанбайды және майыспайды. Олар соққыны және статикалық салмақты өте жақсы өткереді. Қала көшелерінде оңтайлы орналастырылады.  Құдық қақпақтарының маңызды қызметінің тағы да бірі, ішкі жүйені ластанудан, керек емес қоқыстан және бөгде адамдардың құдыққа кіруінен сақтау болып табылады. Құрастырылуы мен пайдаланылуы оңай болуының арқасында, бетоннан жасалған сақиналар мен қақпақтар көпшілікке кеңінен танымал болды. Бетон қақпақтардың тесіктері олардың ортасында немесе бір шетіне қарай орналастырылуы мүмкін. Қакпақтың үстіне, құраманың жер бетінде орналасып, көзге түсіп жататын, құдық люгі орналастырылады. Құдық қақпағының, әрқайсысының өзіндік әріпті-санды таңбалануы мен өлшемдері бар бірнеше түрі шығарылады. Бағалар шығарылатын тауардың түріне байланысты белгіленеді. Берілген тапсырыстың мөлшеріне орай жеңілдіктер қарастырылады. Атауы Өлшемі, мм (d, d1, h) Салмағы, кг Құны,   теңге ПП -10 1160х700х150 253   ПП -15 1680х700х150 680   ПП -20 2200х700х150 1280  

"ТІБ" ІРГЕТАС БЛОКТАРЫ

ТІБ іргетас блоктары темірбетоннан жасалады және параллелепипед пішінді болады. Барлық темірбетон өнімдері сияқты, іргетас блоктары қысқартылған сөздермен таңбаланады. "ТІБ" «тұтас іргетас блогтары» деп оқылады. Бұл материал құрылыс сапасын түбегейлі өзгерте алды, ғимараттардың салыну жылдамдығы мен құнына әсер етті, құрылыс техникасы жұмысының ыңғайлылығы мен пайдалылығын арттырды. Тұтас іргетас блоктары, негізінен, ленталы іргетасты төсеу үшін қолданылады. Алайда, іс жүзінде олардың қолданылу аясы әлдеқайда кең - олар өндірістік имараттардың жарларына, ұралар мен жертөлелер жарларына да қолданылады. Тұтас іргетас блоктары, сәулет имараттарының салмағын, ауа райының ұдайы құбылуларын көтере алатын, аязға шыдамды және ылғал топырақтың бұзушылық әсеріне шыдамды ауыр бетоннан дайындалады. Осыған байланысты, тұтас іргетас блогтарды жерге орналастырған кезде, оған жақсылап гидрооқшаулау жасау талап етіледі. Іргетас блоктарының, әрқайсысының өзіндік әріпті-санды таңбалануы мен өлшемдері бар бірнеше түрі шығарылады. Бағалар шығарылатын тауардың түріне байланысты белгіленеді. Берілген тапсырыстың мөлшеріне орай жеңілдіктер қарастырылады. Атауы Өлшемі, мм (L, b, h) Салмағы, кг Құны,  теңге ТІБ 12-4-6 1180х400х580 640   ТІБ 12-5-6 1180х500х580 790   ТІБ 12-6-6 1180х600х580 960  

"ТМ" МЕТАЛЛ ТРАВЕРСІ

ТМ-1, ТМ-3, ТМ-6 траверстер 3.407.1-143.8.1. үлгілі жоба бойынша жасалады. ТМ траверствері СВ105,СВ110 бағаналарына орнатылады. Елсіз мекендерде П10-1, ВЛ10  кВ аралық тіреуіштерді орнатуды жүргізу кезінде траверстер (оқшауланған) жалаң қабат сымды бекітуге арналған. Траверсте изоляторға (ажыратқыш) арналған  (ШФ 20-В, ШФ 10 - Г және ШФ 10 - Д) қадалық істік болуы тиіс. Осы қадалық істіктерге изоляторларды бекіту үшін КП-22Ю, К+6, К-7, К-9 қалпақшаларын пайдалану қажет. Изоляторға сым шиыршықталған (спиральді ПВС) байлаумен немесе сым темірі (ВШ-1) байлаумен бекітіледі.  ТМ-1 траверстер көміртекті болаттан жасалады, арнайы антикоррозиялық БТ-577 лакпен қапталған. Осы өнімнің бірнеше түрі шығарылады, әрқайсысының меншікті әріптік -сандіқ таңбасымен өлшемі бар. "АбЗиком" ЖШС металл траверстерін әзірлеуге жоғары  білікті мамандар, газбен, электрмен дәнекерлеушілер тартылған, олар барлық қолданып жатқан материалдан бастап дәнекерленген жеріне дейін  сапа параметрлерін сақтайды.  Өйткені бұған траверстің пайдалану мерзімі байланысты. Бағасы шығарылған өнімнің түріне байланысты. Тапсырыс берген тауарлар партиясының санына қарай жеңілдіктер бар. Наименование Размеры, мм (L, b, h) Вес, кг Цена в тенге ТМ-1 1460х140х1495 17,2   ТМ-3 1460х140х1495 21   ТМ-6 1450х150х295 23  

ҚҰРЫЛЫС ТОРЫ

Құрылыс торы дегеніміз бір-біріне перпендикуляр сымдарды дәнекерлеген тор, диаметрі  3 мм 5 мм дейін. Құрылыс торы Вр-1 сымынан 6727-80 мемлекеттік стандартқа сәйкес контакт әдісімен жасалады. Тордың  бір бетінің нақтылы өлшемі - ені 380 мм, ұзындығы 1500 мм. Бұл бір жарым кірпіштен қаланған қабырғаның еніне сәйкес. Тордың пайдалану саласы өте кең - ең алдымен құрылыс саласы. Дегенмен, бірыңғай кристалдық торсыз болмайды, түрлі құрылым мен қоршаулар тұрғызғанда да. Құрылысқа дәнекерлеген тор кірпіштен қалау және бетондау кезінде арматуралау элементі есебінде пайдаланылады. Бетондау дәнекерлеген торсыз жүргізілмейді, өйткені бетон арасының кернеуін босатады және жарылуына жол бермейді. Сонымен, құрылымның өзі - монолит (тұтас), бұның маңызы аз емес. Құрылыс кезінде дәнекерленген тор бірінші кезекте құрылымның ұзақ пайдалануына себеп, қаланған жердің жарылуы болмайды. "АбЗиком" ЖШС құрылыс торды төмен көміртекті, тапсырыс берушінің өлшемі бойынша жасайды. Тапсырыс берген тордың бағасы тордың өлшеміне байланысты. Тапсырыс берілген партияның санына байланысты жеңілдіктер бар.
Subscribe to Азаматтық құрылыс саласы бойынша