КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

«АбЗиком» ЖШС-і 2007 жылы құрылды. Сол кезеңдерде серіктестіктің негізгі қызмет түрі телекоммуникация саласындағы инженерлік желілер құрылысын салу болды.

 «АбЗиком» ЖШС-нің даму кезеңі барысындағы мақсаты болған сапалы қызмет көрсету, құрылыс-монтаж жұмыстарын уақытылы аяқтау және мерзімінде тапсыру, сонымен қатар икемді баға саясаты,  Ақтөбе облысындағы және одан тысқары аймақтардың көптеген компанияларында мойындалды және сол компаниялардың көпшілігі, кейін жаңа нысандар салу мен қолданыстағы нысандарға күрделі жөндеу жүргізу саласында компанияның серіктестеріне айналды.

 Соңғы бірнеше жылы компания жетіле келе, қызметтің жаңа түрлерін игере бастады және имараттарды, жоғарғы вольтты электр желілерін (ЖЖ), газдандыру, сонымен қатар әлеуметтік нысандар құрылысы мен күрделі жөндеу бойынша жобаларды жүзеге асыруда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді.

 Компания даму жолында, уақыт талабына сәйкес жабдықталуға, көлік паркін жаңа әрі заманауи арнайы техникамен, ал өндірістік учаскелерді құрал -жабдықтарымен қамтамасыз етуге көп көңіл бөліп келеді.

 2014 жылы компания Астана қаласында ұлттық бизнес рейтингтің " Сала көшбасшысы» марапатын алды және Женева қаласында (Швейцария) еуропалық "Сапа белгісі" марапатына "Құрылысқа сіңірген еңбегі үшін" номинациясы бойынша ие болды.

 Сонымен қатар, 2014 жылы "АбЗиком" ЖШС-і меншікті өндірістік база алды және сол жылы-ақ байланыс және азаматтық құрылыс саласында кеңінен пайдаланылатын темірбетон өнімдері мен металл құрылымдарын жасау цехын  іске қосты. Бұлар, телекоммуникация желілері саласының  құрылысында пайдаланатын келесі өнімдер: ККС-1, ККС-2, ККС-3, ККС-4 телефон құдықтары, ПТ-30 тіректері, биіктігі 1,2 м өлшеу бағаналары, биіктігі 2,4 м ақпараттық бағаналар және ағаш бағаналарға арналған металл кәбіл алаңдары. Азаматтық құрылыс үшін компания, құрылыста кең пайдаланылатын КС-10-9, КС-15-9 құдық сақиналарын, ПП-10, ПП-15 және ПН-10, ПН-15 бетон тақталарын шығарады. Цехта бұдан басқа, кірпіш қалау кезінде қолданылатын, кез келген өлшем мен түрдегі торлар шығарылады. Жоғарғы вольтты электр желілеріне арнап ТМ-1, ТМ-3, ТМ-6 металл бекітпелер (траверстер) шығарылады. Шығарылатын барлық өнімдер сертификатталған және сапалы. Қойма қоры бар.

 Әрине, аталған жетістіктер компания басшылығының көрегендігі мен ұжымның  зор еңбегінің нәтижесі. "АбЗиком" ЖШС-інде қазіргі нарық шартында құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша орын алып отырған жағдайды жақсы түсінетін, түрлі оқыту орталықтарында аттестациядан өткен және сәйкес сертификаттары бар кәсіби маман тұлғалар іріктеліп алынған.

 Бүгінгі күні "АбЗиком" ЖШС-і алға қойылған мақсаттарды орындауға қажетті жабдықтармен және қормен жеткілікті қамтамасыз етілген.